Жиі кездесетін сұрақтар
1. Қабылдау бөлмесінде көрсетілетін қызметтердің тарифтері қашан қайта қаралады?
2024 жылға арналған ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес, ҚР ДСМ-нің 2024 жылғы 4 маусымдағы № 359 бұйрығымен бекітілген жоспар бойынша 2024 жылдың екінші жартыжылдығында қабылдау бөлмесінде көрсетілетін қызметтердің тарифтерін қайта қарау көзделген (анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, хирург, офтальмолог, нейрохирург дәрігерлерінің консультациялары, жергілікті анестезия және новокаиндік блокада, көктамыр арқылы наркоз беру және т.б.).
2. 2024 жылы тарифтер қайта қаралады ма және қандай қызметтерге қатысты?
2024 жылға арналған ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес, ҚР ДСМ-нің 2024 жылғы 4 маусымдағы № 359 бұйрығымен бекітілген жоспар бойынша 2024 жылдың екінші жартыжылдығында келесі басым бағыттар бойынша медициналық қызметтердің тарифтерін қайта қарау және жаңарту көзделген: абдоминалдық хирургия, инфекция, неврология (ересектер), гастроэнтерология, кардиология, травматология, нефрология, эндокринология, онкогематология.
3. Оқушыларға арналған жан басына шаққандағы норматив қанша? Оны қайдан көруге болады?
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бір оқушыға арналған жан басына шаққандағы норматив айына алғашқы медициналық-санитарлық көмек субъектілері үшін 480,62 теңгені құрайды.